Қаз Рус Eng

«ЖҰЛДЫЗАЙ» ФЕСТИВАЛІ

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН XIV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ

«ЖҰЛДЫЗАЙ» ФЕСТИВАЛІ

«BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры «ерекше» балаларды XIV Халықаралық «Жұлдызай» фестиваліне қатысуға шақырады
«Жұлдызай – жеңіске жетуді үйретеді!»

Қатысушылар

Еліміздің 17 өңірінен

Негізгі ережелер

Өтетін орны

Астана қаласы

Ережені жүктеп алу

Мақсаты: Ерекше балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, талантын ашу, жүректеріне сенім ұялату. Олардың тұлғалық дамуына үлес қосып, өмірден өз орындарын табуына ықпал ету.

МІНДЕТТЕР

1) ерекше білім беру қажеттілігі бар талантты балаларды анықтау және дамыту;
2) бала тұлғасының шығармашылық дамуына ықпал ету және бейбітшілікті эмоционалды тануда баланың эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) ерекше балалардың талантын қалыптастыруда нақты көмек көрсету;
4) ұжымдар арасында шығармашылық және достық байланыстар орнатуға ықпал ету;
5) балалар ұжымдарының, арнайы білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдарының шығармашылық деңгейін арттыру;
6) ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеу және ықпалдастыру мәселесіне жұртшылықтың, бизнес өкілдерінің назарын аудару;
7) ерекше балалар үшін «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалін өткізу дәстүрлерін сақтау және жетілдіру;
8) ерекше балалардың сауықтырылуын, демалысын және бос уақытын ұйымдастыру.

ШАРТТАРЫ

Фестиваль-байқауға 10-18 жас аралығындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар 2 жас топтарында қатысады:

үлкен топ
15 - 18 жастағы балалар

кіші топ
10 - 14 жастағы балалар

НОМИНАЦИЯЛАР

Фестиваль-байқауға өтінімдер 6 номинация бойынша қабылданады

ВОКАЛ
соло, дуэт, трио, вокалдық топ
(8 адамнан артық емес)

ХОРЕОГРАФИЯ
соло, дуэт, ансамбль, арбадағы би және т. б.
(16 адамнан артық емес)

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
көркем техника, графика

ЫМ-ИШАРАТПЕН ӘН АЙТУ
соло, дуэт, трио, квартет, вокалдық топ
(8 адамнан артық емес)

АСПАПТА ОРЫНДАУ
әр түрлі аспаптарда соло, ансамбльдер, оркестрлер
(15 адамнан артық емес)

КӨРКЕМ-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР
табиғи материалдардан жасалған жұмыстар, мата және ағаштан жасалған бұйымдар, «тестопластика», «тоқу», «өру»

Фестиваль кезеңдері

image

I кезең

Республикалық – іріктеу, тек Қазақстан аймақтарында өткізіледі (наурыз – сәуір айлары)



image

II кезең

Іріктеу - сырттай, ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстаннан және шетелден қатысушылардан онлайн – өтінімдер қабылдау жүргізіледі.





image

III кезең

Халықаралық фестиваль-байқау Астана қаласында осы жылдың 26 мамыры мен 1 маусым аралығында өтеді.

ҚАТЫСУШЫҒА КӨМЕК!

ВОКАЛ, ХОРЕОГРАФИЯ, ЫМ-ИШАРАТПЕН ӘН АЙТУ ЖӘНЕ АСПАПТА ОРЫНДАУ НОМИНАЦИЯЛАРЫ ҮШІН

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ КӨРКЕМ-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР НОМИНАЦИЯЛАРЫ ҮШІН

Көрсететін өнеріңізді камераға түсіріңіз (сондай-ақ конкурстың техникалық талаптарын сақтаған жағдайда, 2018 жылдан ерте емес жазылған кез келген жерде (сахна, сынып, аудитория және т.б.) түсірілген бейне-роликті жіберуге болады.) Кез келген техникалық құрылғыға, бұл камера, телефон болуы мүмкін, бастысы тұнықтығы HD720p, көлемі 200МБ-тан артық емес, ал уақыты 4 минуттан аспауы тиіс. Монтаж жасауға рұқсат етілмейді!

1 ҚАДАМ

Жұмыстың орындалу барысын кезең-кезеңімен түсіріңіз. Яғни, жұмыс барысын көрсететін 4 фото және 1 қорытынды фото түсіру қажет. Фотосуреттерді камераға кемінде 13 мп JPEG форматында түсіру керек.

ӨТІНІМДЕР 10 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ!

Түсірген бейне-ролигіңізді YOUTUBE.COM арнасына салу керек және роликтің атауы келесі тәртіппен жазылуы тиіс: Облысы /Аймақ / жанр / топ / қатысушының аты-жөні (немесе ұжымның атауы) / музыкалық нөмірдің атауы / «Жұлдызай» ХФ II кезеңі. Мысалы: Ақтөбе облысы / Хромтау / вокал / кіші топ / «Балдәурен» триосы / «Астана» әні / «Жұлдызай» Халықаралық фестивалі, ІІ кезең

2 ҚАДАМ

Фоторедатордың көмегімен оң жақ төменгі бұрышында деректерді келесі тәртіппен көрсету қажет: Қатысушының аты-жөні / жұмыстың атауы / аймақ / ел.
Мысалы: Иванов Иван Иванович / Пейзаж / Ақтөбе облысы / Қазақстан

Электрондық сауалнаманы толтырыңыз, барлық жолдарды толтыру міндетті! Өнеріңіздің сілтемелерін енгізуді ұмытпаңыз.

САУАЛНАМАНЫ ТОЛТЫРУ!

3 ҚАДАМ

Электрондық сауалнаманы толтырыңыз, барлық жолдарды толтыру міндетті! Фотосуреттерді қатысушының өтінішін толтыру кезінде бірге салу керек.

САУАЛНАМАНЫ ТОЛТЫРУ!

Ұйымдастырушылардан хабар күтіңіз, хабарда өтініміңіздің қабылданғаны болуы тиіс. Егер 5 күн ішінде жауап келмесе, қоңырау шалып, нақтылаңыз.

4 ҚАДАМ

Ұйымдастырушылардан хабар күтіңіз, хабарда өтініміңіздің қабылданғаны болуы тиіс. Егер 5 күн ішінде жауап келмесе, қоңырау шалып, нақтылаңыз.

ФЕСТИВАЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫ

Күні Өтетін орны Іс-шаралар
26.05-жексенбі
27.05-дүйсенбі
Астана қаласы Фестиваль қатысушыларының келуі
28.05 Астана қаласы Астана қ. Халықаралық фестивальдің Концерт-конкурсы және жеңімпаздарды марапаттау
29-31.05 Астана қаласы Астана қ. Гала-концерт лауреаттарымен дайындық және қалған қатысушыларға арналған мәдени бағдарлама
31.06 «Барыс-Арена» КМА Гала-концерттің Бас дайындығы
01.06 в 15.00 «Барыс-Арена» КМА Қазақстан эстрадасы мен шетел жұлдыздары қонақтарының қатысуымен фестиваль лауреаттарының Гала-концерті
01-02.06. Аймақтар Қатысушыларды шығарып салу

«Жұлдызай» фестивалі - 2018
Қол жеткізілген нәтижелер

Еліміздің 98 мамандандырылған интернатында білім алып жатқан 14000 баланың 7000-ға жуығы 2008 жылғы Фестивальға қатысты.
Қазақстанның барлық аймақтарында - Фестиваль әр облыс орталығында жыл сайын көптен күткен мереке болып, бүгінгі күні ауылдық округтер мен шағын қалаларда өткізілуде.
Фестиваль өзінің айналасында көптеген меценаттар, демеушілер, шығармашылық адамдар мен ата-аналар мен «жұлдызайлықтардың» қоғамдастығын біріктірді.
2018 жылдың 1 маусымында «Жұлдызай» Гала-концерті «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.
Балалардың жоғары жетістіктері – педагогтар мен сарапшылардың бағалауы бойынша балаларға арналған конкурстарға қатысу – баланың тұлғалық дамуына ерекше оң әсер етіп, шығармашылығын одан әрі шыңдай түседі.

image
image
image
image

2013-2018 Ж.Ж. АЙМАҚТАР БОЙЫНША ФЕСТИВАЛЬ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ САНЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ

image

«ЖҰЛДЫЗАЙ-2018» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ!

image

ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ:

2018 ЖЫЛДЫҢ 6-24 СӘУІРІ
ФЕСТИВАЛЬ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ: 6430 БАЛА
СПАРТАКИАДА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ: 2957 БАЛА

image

ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ:

СОҢҒЫ ГАЛА-КОЦЕРТ
КҮНІ: 2018 ЖЫЛДЫҢ 1 МАУСЫМЫ. БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
ӨТКЕН ОРНЫ: «БАРЫС АРЕНА»
ФЕСТИВАЛЬ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ: 303 БАЛА; 9000 КӨРЕРМЕН

16 ОБЛЫС / 22 ҚАЛА / 2453 АУЫЛ ОКРУГТЕРІ

СОҢҒЫ ГАЛА-КОЦЕРТ «ХАБАР» ТЕЛЕАРНАСЫНАН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТІЛДІ

image
image
image
image
image
image

Фестиваль БАҚ беттерінде:

Облыстық БАҚ іріктеу турлары туралы: Атырауда "Жұлдызай-2018" Республикалық фестивалінің 2-ші іріктеу кезеңі өтті. . Мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармаршалығын дамытуға бағытталған шараға 170-тен астам үміткер қатысты.

Гала-концертке қатысушылар «Таңғы хабар» бағдарламасына шақырылды:: «Жұлдызай» фестивалінің гала концертінде кімдер өнер көрсетеді?

Тікелей эфир кезінде, көрермендердің сұхбаты:: Астанада «Жұлдызай» республикалық фестивалінің гала-концерті өтеді

Фестиваль ұйымдастырушыларының сұхбаты: Астанада «Жұлдызай» республикалық фестивалінің гала-концерті өтеді

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР

Фестиваль Еуразия жүрегі – Астана қаласында 13 жыл қатарынан өткізіліп келеді

Бас демеуші 
BI GROUP

Ұйымдастырушы
«BI-JULDYZAI» корпоративтік қоры

image

BI Group - ірі құрылыс холдингі, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы көшбасшы. Холдинг 1995 жылдан бастап жұмыс істейді және осы уақыт ішінде кәсіби және сенімді серіктес беделіне ие болды. BI Juldyzai корпоративтік қоры 2004 жылы BI Group холдингінің бастамасымен құрылған.

BI Group

image

«BI-JULDYZAI» корпоративтік қоры, Холдинг бөлген қаражат есебінен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырады, сонымен қатар Қорға компания қызметкерлері ай сайын жалақыларының бір бөлігін ерікті түрде аударып тұрады.

BI Juldizai

СЕРІКТЕСТЕР

image

«Astana Venue Management» ЖШС Астана қаласының спорттық және мәдени объектілерін басқарушы компаниясы. Компанияның қарамағында «Барыс Арена» көп функционалды мұз айдыны және «Қазақстан» спорт кешені бар.

«Astana Venue Management» ЖШС

image

Zhan Alemi Group 5 жыл қатарынан Фестивальдің ұйымдастыру жұмыстарымен айналысып келеді. Олардың портфелінде мыңдаған сәтті өткізілген іс-шаралар бар, және компания event-тегі интеграцияланған қызметтердің барлығынан хабардар. Сондай-ақ, креативті сценарийді әзірлеу және толық логистикалық қызмет көрсетумен де айналысады.

Zhan Alemi Group

Өтетін орны: БАРЫС-АРЕНА

Бұл тек түрлі спорт түрлерінен ғана емес, концерттер мен форумдарды да қабылдай алатын көпфункционалды спорт кешені. 12.000 көрермен сыятын (VIP-ложаларды қоса алғанда) сарайдың негізгі мұз айдыны қысқа уақыт ішінде баскетбол, волейбол немесе мини-футбол алаңына айнала алады, бокс рингі немесе сахна алаңын орналастыруға болады. «Барыс Арена» 2 жыл қатарынан «Жұлдызай» фестивальге демеушілік білдіріп келеді.

image

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТҰРАҚТАЙТЫН ЖЕРІ: «ТЕНГРИ» ҚОНАҚ ҮЙІ

«Тенгри» қонақ үйі - заманауи үш жұлдызды бизнес-қонақ үйі, Астананың жаңа және ескі орталықтарын қосатын ауданның ыңғайлы бөлігінде орналасқан: бұл жерден Президенттің резиденциясына дейін бес минут, ал халықаралық әуежайға дейін 25 минутта жетуге болады.
Қонақ үйдің 300 астам қонақтарды бір уақытта орналастыруға мүмкіндік беретін кең бөлмелері бар. Тегін Wi-Fi интернетпен, спутниктік теледидармен, кондиционермен, мини-бармен, шағын сейфпен, халықаралық байланыс телефонымен жабдықталған әр түрлі класты жайлы нөмірлер. Қонақ үй 2 жыл қатарынан «Жұлдызай» фестиваліне демеушілік білдіріп келеді.

Жоба командасы:

image

СӘЛІМБАЕВА АЛМАГҮЛ АМАНЖОЛҚЫЗЫ

ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ
ТЕЛ: 8 701 520 31 03
EMAIL: SALIMBAYEVA_A@BI.GROUP

image

ИСАБАЕВА ГҮЛХАН НҰРМҰХАНБЕТҚЫЗЫ

«BI-ЖҰЛДЫЗАЙ» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
ТЕЛ: 8 701 512 34 06
EMAIL: ISABAEVA_G@BI.GROUP

image

ТӘҢІРБЕРГЕНОВА АЛТЫНАЙ МҰРАТЖАНҚЫЗЫ

«BI-ЖҰЛДЫЗАЙ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ФАНДРАЙЗИНГ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ
ТЕЛ: 8 701 775 96 69
EMAIL: TANIRBERGENOVA_A@BI.GROUP

image

СӘРСЕНҒАЛИ МҰРАТ

ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ
ТЕЛ: 8 775 118 26 94
EMAIL: SARSENGALI_M@BI.GROUP

image

МҰРЗАМБЕТ ӘСЕМГҮЛ

PR МЕНЕДЖЕР
ТЕЛ: 8 707 202 23 62
EMAIL: MURZAMBET_A@BI.GROUP

image

СЕЙТХАН БАЛЫМ

КОНКУРСАНТТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУШІ
ТЕЛ: 8 777 764 85 28
EMAIL: SEITKHAN_B@BI.GROUP

image

СМАЙЛОВ ҒАБИДЕН

ҚАРЖЫ МЕНЕДЖЕРІ
ТЕЛ: 8 701 773 5859 
EMAIL: SMAILOV_G@BI.GROUP

image

КЕШУБАЕВА АЛЬФИРА

БАС БУХГАЛТЕР
ТЕЛ: 8 705 91 04
EMAIL: KESHUBAYEVA_A@BI.GROUP

ЖОБАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫ

image

БАЙБОСЫНОВА ҒАЛИЯ

«ЖҰЛДЫЗАЙ» ФЕСТИВАЛІНІҢ РЕЖИССЕРІ
ТЕЛ: +7 (701) 710 1093
EMAIL: B.GALIY@MAIL.RU

image

ШЕР РАИСА ПЕТРОВНА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
ТЕЛ: 8 701 625 92 25
EMAIL:  SHERRAISA@MAIL.RU

image

МУКАНОВ ЖАН

ИМПРЕСАРИО «ZHAN ALEMI GROUP»
ТЕЛ: 8 777 022 22 20
EMAIL: ZHAN@ZHANALEMI.KZ

image

ОРОЗАЛЫ УЛЫ АСАН

«ZHAN ALEMI GROUP»
БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ТЕЛ: 8 777 000 33 02
EMAIL: ASAN@ZHANALEMI.KZ

image

ИСРАИЛОВ ХАСАН ЖӘНЕ НҰРЫМОВА САМАЛ

ЫМДАУ ТІЛІ АУДАРМАШЫЛАРЫ
ТЕЛ: 8 707 578 0404
EMAIL: ISRAIL_KH@MAIL.RU

Заңғар биікке қарашы;
Аспанда жанар жұлдыздар;
Орындалсын сенің арманың:
Кемеге мініп қиялдың;
Қалыспай сен бізбенен;
Арманға алыс сен жүзе бер:
Видишь там высоко
В небе падает звезда,
Ты желание успей загадать.
Оно исполнится, верь
И начнутся чудеса,
Имя той звезды «Жұлдызай».

Жұлдызай, Жұлдызай,
Это праздник добра.
Жұлдызай, Жұлдызай,
Мы большая семья!
Пусть во всем Казахстане
Будет виден этот свет,
Жұлдызай, свети много лет!

Күніміз бізге нұр шашып,
Бақтарда гүлдер жайнайды.
Жеріміз неткен ғажайып!
Жолында арманның келеміз
Жүректе мәнгі қалады,
Балалық мейрамы – Жұлдызай!
Солнце нам дарит тепло,
И для нас цветут сады.
Как прекрасна наша земля!
Мы пойдем по дороге мечты,
И в сердцах мы сохраним
Праздник детства – наш Жұлдызай!

Қайырмасы:
Жұлдызай, Жұлдызай!
Шаттықтың мейрамы!
Жұлдызай, Жұлдызай!
Біз үлкен отбасы!
Қазақстан жеріне,
Сәулесі шашылып.
Жұлдызай, сен жайна, жарқыра!
Припев: Жұлдызай, Жұлдызай,
Это праздник добра.
Жұлдызай, Жұлдызай,
Мы большая семья!
Пусть во всем Казахстане
Будет виден этот свет,
Жұлдызай, свети много лет!

Скачать гимн